Назим Палташевтың Soul of Nomads брендік джинсы өнімдері — Силикон аймағындағы танымал, әрі сұранысқа ие бренд. Бренд атауы «Көшпелілердің жаны» деген мағынаны береді. Назимнің айтуынша, Soul of Nomad бір жетістікте тоқтап қалмайтын жігерлі жандарға арналған.
Қазір Палташевтың қол астында дизайнерлер, технологтар, істі ілгері жылжытумен айналысатын директорлар сынды 10 адам жұмыс істейді. Брендті дамыту үшін штаттан тыс мердігерлер жалдайды. Әрбір қызметкер штатқа қабылданарда компанияның бір үлесін алады, сонымен бірге оларға ай сайын жалақы төленіп отырады, арнайы ынталандыру бағдарламасы бар. Жақында саяхаттауға арналған сөмкелер мен әмияндар, белдіктер шығаруды жоспарлап отыр.