Басты бетҚоғамҚазақстанда тағы...

Қазақстанда тағы 7 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы жеті адам Алматыда тіркелді.

Қазір Нұр-Сұлтан бойынша 60 адам, Алматыда 47 адам, Қарағандыда 4, Шымкентте 2 адам, Алматы облысында 1 адам, Ақтөбе облысында 1 адам, Жамбыл облысында 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 1 науқас бар. Барлығы — 120 адам.

Бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 113 болғаны хабарланған еді.