Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда коронавирус анықталғандар қатары 113 адамға жетті 

Қазақстанда коронавирус анықталғандар қатары 113 адамға жетті 

Жамбыл облысында тағы бір адам коронавирус жұқтырды.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Valentino Laz

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Жамбыл облысында тағы бір адамнан коронавирус инфекциясы табылды.

27 наурыз күнгі 00:00-де Қазақстанда вирус жұқтырған науқастардың жалпы саны 113 болды.

Нұр-Сұлтан бойынша 61 адам, Алматыда 40 адам, Қарағандыда төрт, Алматы облысында бір адам, Ақтөбе облысында бір адам, Шымкентте екі адам, Жамбыл облысында үш адам және Солтүстік Қазақстан облысында бір науқас бар.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болғаны хабарланған еді. Екі адам жазылып, үйіне шығарылды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version