Төтенше жағдай кезінде төлемдер алу үшін не істеу керек?

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирус бойынша елдегі ахуал туралы брифингіде төтенше жағдай кезінде кірісін жоғалтқан азаматтарға төленетін қаражат мәселесіне тоқталды.

Бұл төлемдер Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан төленеді. Төлем екі түрлі болады. Бірінші төлем төтенше жағдайға байланысты ақысыз демалысқа шыққандарға беріледі. Оның көлемі — айына 42 мың теңге. Бұл кіші, шағын және орта бизнес қызметкерлері болуы мүмкін. Олар кейінгі бір жылда мемлекеттік қорға үш рет аударуым жасаған болуы қажет. Керек өтінімді жұмысшы емес, жұмыс беруші жасайды. Өтінімді аудандық және қалалық жұмыспен қамту штаттарына беру керек. Төлемдер төтенше жағдай аяқталғанша беріледі, — деді министр.

Төлемдердің екінші түрі жұмыстан шығып қалғандарға қатысты.

Олар төлемді бір айдан 6 айға дейінгі мерзімде алады. Төлмедер айлық жалақының 40%-іне тең болады. Өтінім берудің еш қиындығы жоқ. Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, арыз беру қажет. Арызды онлайн беруге болады. Осындай төлемдер елдегі 1,5 миллион адамға беріледі.

Еске салайық, 16 наурыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойған еді. Төтенше жағдай 2020 жылдың 15 сәуірі 07 сағат 00 минутына дейін созылады.