Басты бетЖаңалықтарҚазақстандықтар қандай смартфондарға құмар?

Қазақстандықтар қандай смартфондарға құмар?

Бір жыл ішінде  Kaspi.kz дүкенінде 115 мың смартфон сатып алынған. Бұл электроника бөлімінде ең көп сатылған тауарлардың бірі.

Ішіндегі ең көп сатылғаны —  Samsung смартфоны. Оның сатылымдағы үлесі 52%-ды құрайды. Екінші орында — Apple (30%), үшінші — LG(6%). Жалпы алғанда сайттағы үш бірдей брендтің сатылымы 88% болған. Тұтынушылардың 1−2%-ы қытайлық және тайваньдық гаджеттерді сатып алған.

Танымал 20 үлгінің ішінде ең көп сатылғаны Apple өнімі —  iPhone 6 мен iPhone 6S. Олар сайттағы жалпы сатылымның  20%-на ие.

Ал Samsung Galaxy-дің тұтынушылар арасында 12 моделі танымал. Оның ішінде Galaxy A3 және Galaxy A5 сатылымы — 16%.

Ал басқа брендтер арасында 20 танымал модельдің қатарына Xiaomi, LG K10 және Meizu M2 Note кіреді. Kaspi.kz-тегі әрқайсысының бір жылдағы сатылымы 1%-ды құрайды.

Сатып алушылардың 82%-ы смартфонды кредитке сатып алады, 15%-ы бөліп төлегенді жөн көреді. Ал қалған 3%-ы қолма қол төлем жасап немесе жеткізу қызметін пайдалану арқылы сатып алады.

Қазақстандықтар көбіне құны 100 мың теңгеден аспайтын гаджеттерді сатып алады. Олардың үлесі шамамен 53% болады. Ал бағасы 200 мың теңгеден асатын смартфондарды бір жыл ішінде тұтынушылардың 19%-ы сатып алған. Сондай-ақ, Kaspi.kz сайтында 100-150 мың теңге аралығындағы смартфондар сатылымы — 15%, 150-200 теңгелік смартфондар 12%-ды құрады.

Тиімді бағалар бойынша Samsung бренді алдыңғы орында. Олардың бағасы 28 мың теңгеден басталады. Ал IPhone-ның ең төменгі бағасы шамамен 180 мың теңге. Сондықтан алма бренді бағасы бойынша қымбат смартфондар арасында бірінші орынға ие.

Дереккөз7Kun.kz