Қызылорда оқушысы АҚШ-тың екі университетінен шақырту алды

АҚШ академиялық рейтинг жүйесінде алдыңғы топтардан көрінетін танымал Дрексель университеті Қызылорданың бітіруші түлекке бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуға 100% тегін грант бөлсе, Нью-Йорктегі көпсалалы зерттеу университеті (NYU) Қаламқасқа оқу ақысына 50% жеңілдік жасауға дайын екенін жеткізді.

Мамандық таңдауда оның тілдермен байланысты әрі динамикалы болуы керегін басты назарға алдым. Қазіргі уақытта туризм — үздіксіз жаңашылдықтарды қажет ететін қызық салалардың бірі. Бұл бағыттағы қызмет маған үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынына сенімдімін, – дейді Қаламқас Айдарбекова.

Қаламқас Америка мен Түркияның тағы бірнеше жоғары оқу орнына құжат тапсырып, шешімін күтіп отыр. Сондай-ақ, алдағы уақытта еліміздегі Назарбаев Университетінің де сынақтарына қатысуды жоспарлайды. Бұл жетекші білім ордасында Қаламқас лингвистика немесе халықаралық қатынастар мамандығы бойынша оқуын жалғастырғысы келеді.