25 наурыз: Қызылорда облысы бойынша эпидахуал қандай?

I (а) категория елдерінен Қызылорда облысының аумағына 2020 жылдың 12 наурызынан бүгінге дейін келген Қазақстан азаматтарының саны — 24 (Германиядан, БАӘ-ден, Тайландтан, Индиядан келген). Провизор стационарына (карантинге) орналастырылғандар саны — 6, Байқоңыр ФМБА орналастырылғандар — 2 азамат. Анализ нәтижесінде КВИ анықталмады. Қалған 16 азамат үй жағдайында бақылауда.

I (б) категория елдерінен Қызылорда облысының аумағына 2020 жылдың 12 наурызынан бүгінге дейін келген Қазақстан азаматтарының саны – 24 (Оңтүстік Корея, Латвия, Ұлыбритания, АҚШ, Венгрия, Латвия, Ресей, Иордания, Беларусь). Үй жағдайында карантинде – 19 азамат (6 азамат бір күндік карантин стационарында болып, КВИ анықталмауына байланысты үй жағдайына шығарылды). Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылғандар саны – 3, Қазалы ауданаралық ауруханасына жатқызылғандар – 2. Анализ нәтижесінде КВИ анықталмады.

КВИ анықталған науқаспен қарым-қатыснаста болған Қазақстанның 3 азаматы бақылауға алынып, 2-еуі Қазалы ауданаралық ауруханасына, біреуі Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына (Шымкент қаласының азаматшасы) жатқызылды. Біреуі Қазалының, екіншісі Қызылорданың, үшіншісі Шымкенттің тұрғыны. Шымкент тұрғыны 24.03.2020 күні Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Жағдайы бір қалыпты. Анализ нәтижесінде КВИ анықталмады.

Байқоңырға келген Ресей азаматтарының ішінен 2 азамат Ресей федерациясы медицина ұйымдарымен бақылауға алынды. Барлығы станционарға орналастырылды. Анализ нәтижесінде КВИ анықталмады.