26 наурыз күні Қызылордада дезинфекция жұмысы басталады

Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қалада орналасқан басқа да қоғамдық орындарды дезинфекциялау жұмысы «Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің» кестесіне сәйкес жүргізіледі. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, — делінген әкімдіктің хабарламасында.

Дезинфекция жұмысын Қорғаныс министрлігіне қарасты Қызылорда облысында орналасқан әскери бөлімдер ұйымдастырады.