Бюроның вебсайтындағы мәлімдемесі бойынша Жаманқұлов «Феникс» көркем фильмін түсіру кезінде «бюджет қаржысын жымқырды» деген күдікке ілінген. Ресми хабарламаға сәйкес тергеу кезінде фильмді түсіру үшін 79 миллион теңге «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» компаниясының есеп-шотына аударылған, оның 69 миллионын осы кинокартинаның бас продюсері, әрі компанияның құрылтайшысы «Тұңғышбай Жаманқұлов талан-таражға түсірген».
Ресми ақпаратта осы істі тексеру кезінде «Қазақфильм» компаниясының экономика бойынша басқарушы директоры мен аталмыш көркем фильмнің атқарушы продюсерінің де қамауға алынғандары жазылған.
Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов бұған дейін Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын жемқорлыққа қатысты айыптап, министрдің үстінен «сексуалдық бопсалау» бойынша арызданушыны қолдап шыққан еді. Көп ұзамай Жаманқұловтың өз басы дауға қалып, оны бір топ театр қайраткерлері жиналыс ашып сөккен. Мұхамедиұлы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған.
Сенбейм
…Кім біледі?
Арыстанбек Мұхамедиұлының жасатып жатқаны, өзіне түскен соққыны көтере алмай, қарама-қарсы соққы жасайын деген шығар. Ендеше неге сол кезде ұсталған? Ойланыңыздар!
Ұсталмаған дегенімғой
Қазақ десен өзіңе тиеді… Мұхамедиұлының ісі гой бале іздеп жатқан.. Каз таң қалмайсын биліктегілерге ұнамай қаласа жемқор деп бале жаба салады. Өздері сүттен ак, судан таза ақшаны жұтып жатканымен жұмысы жоқ. Оте ұят жас баланын ісігой сөзім жок заң Қайда сонда Қазақтарррррррррррррррррррррррррррр??????????????????????????
Көшпенділер Кочевники кино сын түсіргендерді неге тексермейді
Саяси ойынның құрбаны… Ол кісі соншалықты сомада қаражат жымқырды дегенге сенбеймін
жел болмаса…