Коронавирусты қанша адам Қазақстан аумағында жұқтырды?

Қазақстанда коронавирус анықталған 68 науқастың 29-ы ауруды шетелде жұқтырған.

Коронавирус, карантин
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

Тағы 26 адам коронавирус жұқтырғандармен бір ұшақта болған кезде ауырған. 13 адам COVID-19 вирусын Қазақстанда жұқтырған, – деді Дәурен Абаев республикалық телеарналардың тікелей эфирінде болған брифингіде.

Министр шетелде коронавирустан емделіп жатқан Қазақстан азаматтары туралы мәлімет берді.

Германияда коронавируспен ауырып жатқан азаматымыздың жағдайы жақсарды, ол ауруханадан шықты, қазір неміс дәрігерлерінің бақылауымен карантинде жатыр, – деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Дәурен Абаевтың мәліметінше, Венгрияда коронавирус жұқтырғаны анықталған Қазақстан азаматының да (әйел) жағдайы жақсы, ол әлі ауруханада, Қазақстан дипломаттары науқаспен және оның дәрігерлерімен байланыста.