«Назарбаев зияткерлік мектеп оқушыларына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобасы аясында Қызылордадағы зияткерлік мектептің білім алушылары демалыс уақытында қазақ, орыс және шетел жазушыларының шығармаларын белсенді оқып, мазмұнымен өзгелерді әлеуметтік желіде таныстырып жатыр.

Жас оқырмандар Жұбан Молдағалиевтің өз еліне, ұлтына деген сүйіспеншілігі сипатталатын «Мен ​ қазақпын» поэмасын, Оралхан Бөкейдің тарихи және әлеуметтік маңызы зор «Өз отыңды өшірме» шығармасын және Антуан де Сент-Экзюперидің балаларға арналған «Кішкентай ханзада» кітабын оқуға кеңес береді. Сонымен қатар олар басқа оқушыларды эстафетаға қолдау көрсетіп, бос уақыттарында кітап оқуға шақырды.