Қызылордада жедел штаб күнделікті түнгі рейд жүргізеді

Қызылорда әкімінің тапсырмасымен төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында жедел штаб құрылған. Штаб жүргізетін рейд кезінде көңіл көтеру орындары, мейрамханалар, дәмханалар және өзге де қоғамдық тамақтану орындары қамтылып отыр.

Нәтижесінде 22 наурыз күнгі рейд кезінде үйінің ауласында жиын өткізген қала тұрғыны анықталып, той иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.

рейд
Фото: Қызылорда әкімдігінің баспасөз қызметі

Жалпы рейд бойынша осы уақытқа дейін төтенше жағдай режимін бұзып, жұмысын жалғастырған 12 іс сотқа жолданған. Оның 11-і кафе-ресторан әкімшілігі болса, біреуі отбасылық жиын өткізген той иесіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабы «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Хаттама толтырылған тұлғаларға 10 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке қамау түрінде жаза қолданылады.

Барша қызылордалықтарды коронавирус инфекциясын таралуын алдын алуда зор жауапкершілік танытып, енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырамыз. Бұл — баршаға ортақ міндет, — деліген Қызылорда әкімдігінің хабарламасында.