Басты бетЖаңалықтарАлматыда тағы...

Алматыда тағы бір адамның коронавирус жұқтырғаны расталды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 22 наурыз күнгі 21.30-дағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас Алматыда анықталды.

Сөйтіп Қазақстанда коронавирус жұқтырғаны расталғандардың саны 59-ға жетті:

Нұр-Сұлтан бойынша 31 адам;

Алматы бойынша 24 адам;

Қарағандыда екі адам;

Алматы облысында бір адам;

Ақтөбе облысында бір адам.

Бұған дейін коронавирус инфекциясы алғаш рет Ақтөбе облысында тіркелгені хабарланған еді.