Министрліктің мәліметінше, Ақтөбе облысында бір адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.
22 наурыздағы 20.30-да Қазақстандағы коронавирус жұқтырғаны расталған пациенттердің қатары 58-ге жетті. Оның ішінде Нұр-Сұлтан бойынша 31 адам, Алматы бойынша 23 адам, Қарағандыда екі, Алматы облысында бір адам, Ақтөбе облысында бір адам болып отыр.
Бұған дейін Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 57 болғаны хабарланған еді. Кейінгі дерек Алматыда анықталды.