Басты бет Жаңалықтар 57 науқас: елімізде коронавирус жұқтырғаны расталғандар саны артты

57 науқас: елімізде коронавирус жұқтырғаны расталғандар саны артты

Қазақстанда коронавирус инфекциясы анықталған адамдардың қатары көбейе түсті. 

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 22 наурыз күнгі 13.30-дағы мәлімет бойынша жаңа жағдай Алматыда тіркелді.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан бойынша 31 адам, Алматыда 23 адам, Қарағандыда екі, Алматы облысында бір адам, жалпы 57 науқас тіркелді, — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда екі жағдай тіркелгені хабарланған еді. Науқастардың бірі — шетел азаматы, Лондоннан келген 1976 жылғы диплома, екінші науқас — Қазақстанның 1970 жылы туған азаматы. Екеуі де қазір стационарда.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version