Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны екі адамға көбейді

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны екі адамға көбейді

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда COVID-19 жұқтырудың тағы екі жағдайы тіркелді. 

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп науқастардың бірі шетел азаматы, Лондоннан келген 1976 жылғы дипломат екенін айтты. Екінші науқас — Қазақстанның 1970 жылы туған азаматы. Екеуі де қазір стационарда.

22 наурыздағы 09.00-де Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 56-ға жетіп отыр.

Оның 31-і Нұр-Сұлтанда, 22-сі Алматыда, екеуі Қарағандыда, біреуі Алматы облысында.

Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан мен Алматы түгел жабылды, шұғыл қызмет көліктері мен жүк тасымалдаушылардан басқаларға 22 наурыз күнгі 00.00-ден бастап қос қалаға кіріп-шығуға тыйым салынды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version