Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.
Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестікті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Викторович Лавров І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталсын. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, — делінген Президент жарлығында.
Сергей Лавров — Ресейдің мемлекет және қоғам қайраткері, ол РФ Сыртқы істер министрлігін 2004 жылдың 9 наурызынан бері басқарады. Сергей Лавров бұған дейін 2005 жылы Қазақстанның ІІ дәрежелі «Достық» орденімен, 2012 жылы І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған.