Басты бет Қоғам ForteBank Қазақстан азаматтарын үйдегі Наурыз үшін марапаттайды

ForteBank Қазақстан азаматтарын үйдегі Наурыз үшін марапаттайды

Бір-біріңізді үйден шықпай-ақ құттықтаңыз да, 100 000 теңге алыңыз - ForteBank адамдарға карантин жағдайында жәрдемдесуді ұйғарды.

Фото: Fortebank.kz

ForteBank #SaveNauryz атты флешмоб жариялап, қазақстандықтарды көшеге шықпауға, Наурызды үйде мерекелеуге және сол үшін сыйлыққа ақша алуға үндейді.

Наурызды Қазақстан азаматтары халықтық сауық-сайран, серуендермен тойлап үйренген. Алайда коронавирус салдарынан концерттер мен фестивальдер тоқтатылды. Енді бәрі карантинде отырып, тойды үйде тойламақ. Үйде отырудан адамдардың еңсесі түспеуі үшін ForteBank оларды #SaveNauryz атты флешмоб жариялап, онда 10 000 000 теңге ұтысқа салу арқылы қолдауды шешті.

Флешмоб шарты оңай: ол үшін 22 наурызда үйде отыру, Наурыз мейрамымен видеоқұттықтау түсіру, оны әлеуметтік желілерде #SaveNauryz хештегімен жүктеу қажет. Банк қатысушылардың арасында әрқайсысы 100 000 теңгеден 100 ақшалай ұтыс ойнатады.

Оның шарттары туралы банктің әлеуметтік желілердегі мына парақшаларынан толығырақ оқып білуге болады:

https://www.instagram.com/fortebankkz;

https://www.facebook.com/fortebank:

http://vk.com/fortebank.

ForteBank өкілдері #SaveNauryz флешмобы Қазақстан азаматтарын біріктіріп, көңіл-күйін көтереді деп сенеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version