Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда бір науқас анықталды.
Министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің мәліметінше, коронавирус инфекциясын 1985 жылы туған әйел адам жұқтырған. Қазір ол стационарда, денсаулығы жақсы.
21 наурыздағы 22.00-де Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 54 болып отыр: Нұр-Сұлтан бойынша 29 науқас, Алматы бойынша 22, Қарағанды бойынша екі, Алматы облысы бойынша бір науқас бар.
Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан мен Алматы карантин режимінде, қос қалада санитария-эпидемиология шаралары күшейтілді.