Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Коронавирус жұқтырудың жаңа дерегі Алматы облысында тіркелді

Иллюстрация: Dribbble.com/©Tanya Melnikova

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір адам Алматы облысында тіркелді.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 21 наурыздағы 12.00-де эпидемиология ахуалы мынадай болды: Нұр-Сұлтан бойынша коронавирус жұқтырған 28 адам бар, Алматыда 22 адам, Қарағандыда екі науқас, Алматы облысында бір адам.

Министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің нақтылауынша, Алматы облысы Қарасай ауданында анықталған науқас 17 наурызда Ыстамбұл — Бішкек рейсімен ұшып келген. Келесі күні Қазақстанға келген. 1986 жылы туған ер адам қазір стационарда.

Сөйтіп барлығы 53 науқас есепке алынып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version