Басты бет Қоғам Қызылордада шыны зауытын іске қосу кейінге шегерілді

Қызылордада шыны зауытын іске қосу кейінге шегерілді

Коронавирус індетіне байланысты Қызылордада шетелдік жұмыс күшін тарту уақытша тоқтатылды. Ал қазіргі күні облыста 87 шетел азаматы жұмыс істеп жатыр. Оның 85-і - Қытай, бірі - АҚШ және тағы біреуі - Сербия мемлекетінің азаматы.

Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Дәрігер мамандар тарапынан аймақта жұмыс істеп жатқан азаматтардың денсаулығы толық тексерістен өтті, күмән келтіретін қауіпті белгілер анықталған жоқ. Ал «Гежуба» Шиелі цемент зауытының еңбек демалысына кеткен 42 қытай азаматының елге қайта кіруіне рұқсат берілмейді. Олардың орнына қазақстандық мамандар жұмыс істейді.

Инвесторлар жұмыс көлеміне біздің қазақстандық кәсіпорындарды тартады. Сол кезде қажет маман санын анықтап, еңбек нарығындағы өзіміздің қазақстандық мамандарды тартып, қажет жұмыс орындарына жіберіледі, — деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гауһар Қалмақова.

Шыны зауытын іске қосу кейінге шегерілуі мүмкін. Өйткені елімізде алғаш рет салынып жатқан ірі өндіріс орнына қажет мамандар елімізде жоқ. Сондықтан шетелдік мамандарды күтуге тура келеді.

Байқасақ, сол өндіріс орнына тар буынды мамандар қажет. Ал біздің елімізде заманауи технологиялық құрылғымен жұмыс жасайтын мамандар жоқ екен. Сондықтан шыны зауытының жұмысы ағымдағы жылдың шілде айына шегертілді, — деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гауһар Қалмақова

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version