Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы жеті науқас анықталды

Фото: Roteskreuz.at

Коронавирус жұқтырғаны расталған адамдардың саны 44-ке жетіп отыр. Оның 19-ы Алматыда, 25-і Нұр-Сұлтанда.

Бұған дейін елімізде 37-науқас тіркелгені хабарланған еді. Ол — Ресей азаматы, дәрігерлердің айтуынша, пациент коронавирусты Алматыға одан бұрын келген отандасынан жұқтырған.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматы 19 наурыздан бастап карантин режимінде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version