Басты бет Жаңалықтар Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы жеті науқас анықталды

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы жеті науқас анықталды

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар қатары тағы көбейе түсті. Денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтанда жеті науқас анықталғанын хабарлады. 

Фото: Roteskreuz.at

Коронавирус жұқтырғаны расталған адамдардың саны 44-ке жетіп отыр. Оның 19-ы Алматыда, 25-і Нұр-Сұлтанда.

Бұған дейін елімізде 37-науқас тіркелгені хабарланған еді. Ол — Ресей азаматы, дәрігерлердің айтуынша, пациент коронавирусты Алматыға одан бұрын келген отандасынан жұқтырған.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматы 19 наурыздан бастап карантин режимінде.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version