Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда Ресей азаматынан коронавирус анықталды

Қазақстанда Ресей азаматынан коронавирус анықталды

19 наурызда 08.00-дегі мәлімет бойынша Қазақстандағы коронавирус жұқтырған науқастар саны өзгерді. Алматыда тағы бір жағдай тіркелді. 

Фото: Repubblica.it

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сөйтіп Алматыда науқастар саны 19-ға жетті, Нұр-Сұлтанда 18 адам бар, ел бойынша барлығы 37 науқас тіркеліп отыр.

Министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің хабарлауынша, Алматыда коронавирус жұқтырғаны анықталып отырған адам — Ресей Федерациясының азаматы, 1979 жылы туған. Қазақстанға 15 наурызда Мәскеу — Алматы рейсімен ұшып келген. Қазір ол стационарда, денсаулығы жақсы.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version