Басты бет Жаңалықтар 72 сағаттан соң Алматыға кіріп-шығуға тыйым салынады

72 сағаттан соң Алматыға кіріп-шығуға тыйым салынады

Алматы тұрғындарына басқа өңірлерден оралуға 72 сағат берілді. Басқа өңір тұрғындары да осы уақыт ішінде Алматыдан кетіп үлгеруі керек.

Ерлан Қожағапанов. Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

22 наурыз күні 00.00-де Алматыда әуе және теміржол қатынасы түгел жабылады. Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов осындай ресми мәлімдеме жасады.

22 наурыздағы 00.00-ден бастап Алматыға және Алматыдан қатынайтын барлық теміржол және әуе қатынасы түгел тоқтатылады, — деді Ерлан Қожағапанов онлайн брифингіде.

Халықаралық әуе рейстері бойынша әзірше шектеу жоқ.

Халықаралық рейстерге келсек, Алматыға оралғысы келетіндер және халықаралық рейспен кеткісі келетін басқа ел азаматтары ұшып шыға алады, өйткені 22 наурызға дейін уақыт шектеуі болмауы мүмкін. Мысалы, Канададан немесе Оңтүстік-Шығыс Азиядан қайтып келетін адамдар мейлінше кейінгі уақытқа билет алса, оларды қабылдаймыз. Бірақ кейбір кезде халықаралық рейстерге де шектеу қоямыз. Әуе компанияларымен келіссөз жүргізіп жатырмыз, дүниежүзі бізде карантин екенін біледі, олар Алматымен және Нұр-Сұлтанмен әуе қатынасын толық тоқтатуға дейін шектеп жатыр, — деді Ерлан Қожағапанов.

Алматы әкімінің бірінші орынбасары 22 наурыз күні сағат 00.00-де қала аумағына орналастырылған барлық блоктұрақ жабылатынын, Алматы аумағынан тыс жерде жұмыс істейтін адамдар да қалаға кіре алмайтынын ескертті. Ал қала тұрғындары карантин кезеңінде үйден шықпағаны дұрыс.

Тұрғындардан тыныштықты сақтап, мүмкіндігінше үйден шықпауды сұраймыз. Карантинге байланысты жүргізілетін санитария-гигиена және дезинфекция шараларына, сонымен бірге құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтірмеңіздер, — деді Ерлан Қожағапанов.

Еске салайық, 19 наурыз күнгі 00.00-де Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі күшіне енеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version