Қазалының жас кәсіпкерлері бетперде тігуді қолға алды

Бұл туралы Қазалы аудандық жастар ресурстық орталығының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланды.

Коронавирусқа байланысты бетперде тігуді бастаған бизнес иелерінің бастамасы көңіл қуантады. Себебі қазіргі таңда аудандағы дәріханаларда медициналық маскалардың жетіспеушілігі байқалып отыр.

Бетперде
Фото: Қазалы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мамандардың айтуынша, бұл бетперделер медициналық маскаға қарағанда әлдеқайда тиімді. Жуып, үтіктеп, қайта қолдана беруге болады.

Енді Қазалы тұрғындары жақын күндері кәсіпкерлер ұсынған бетпердеге қол жеткізеді.