Басты бет Медицина Аурудан қорғайтын бетпердені қалай дұрыс қолдану керек?

Аурудан қорғайтын бетпердені қалай дұрыс қолдану керек?

Қазір адамдар коронавирус инфекциясынан қорғану мақсатында медицина бетпердесін сатып алып жатыр, бірақ оны қалай тағу керек екенін бәрі біле бермейді. Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл қорғану құралын қалай дұрыс қолдану керек екенін түсіндірді.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Cha Pornea
  • Медицина бетпердесін тақпас бұрын қолды сабынмен мұқият жуу немесе антисептикпен сүрту керек;
  • Бетперде ауыз бен мұрынды жауып тұруы қажет. Адамның беті мен бетперде арасы ашық болмағаны дұрыс;
  • Бетпердені қайта-қайта ұстамаған жөн. Оны ұстағаннан кейін қолды сабынмен жуу немесе антисептикпен сүрту керек;
  • Бетперденің ішкі жағына қолды тигізбей, сыртынан ұстап шешкен дұрыс. Қолданылған бетпердені жабық қоқыс жәшігіне бірден тастау қажет. Содан кейін қайтадан қолды сабынмен жуу немесе антисептикпен сүрту керек;
  • Бетперде ылғалданған соң шешіп тастаған жөн. Бірреттік бетпердені екінші рет қолдануға болмайды.

Медицина бетпердесін қандай жағдайда тағу керек?

  • Сау адам бетпердені COVID-2019 вирусы болуы мүмкін науқасқа күтім жасаған кезде таққаны дұрыс;
  • Түшкіріп немесе жөтеліп жүрген кезде тағу керек;
  • Мұндай бетперде қолды антисептикпен сүрткенде немесе сабынмен жуғанда ғана пайдалы;
  • Медицина бетпердесін тағып жүрсеңіз, оны қалай дұрыс қолдану керек екенін білуіңіз қажет.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version