Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы ең...

Алматыдағы ең кішкентай науқастың анасы да коронавирус жұқтырған

18 наурыз күні таңертең Алматыда коронавирустың расталған 17 жағдайы тіркелген еді.

Соңғы екі жағдай — 1974 және 1998 жылы туған әйел адамдар. Бірінші пациент Мәскеуден 10 наурызда ұшып келген, қазіргі уақытта ол қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр. Екіншісі 15 наурызда Ыстамбұл — Алматы рейсімен ұшып келген. Ем жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге олармен байланыста болғандарды анықталып жатыр. Қала бойынша байланыста болғандар оқшауланған, — деді Тілеухан Әбілдаев.

Қазір қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 14 пациент, балалар жұқпалы аурулар ауруханасында екі бала мен бір ана емделіп жатыр. Балалардың бірі 2018 жылы туған, ең кішкентай пациент Куршевельден келгені бұған дейін хабарланған еді. Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, қазір екі баланың да жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.

Екеуінің де температурасы жоқ, қандай да бір симптомдары байқалмайды. 2 жасар қыз бала анасымен бірге жатыр, анасының да коронавирус жұқтырғаны расталды. Алматы бойынша анықталған 17 науқастың бәрі қанағаттанарлық жағдайда. Қазіргі кезде Алматыда өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған бір де бір науқас жоқ екенін айтқым келеді, — деді басқарма басшысы.

Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, бүгінде науқастармен байланыста болған барлық адам 14 күн карантинге жатқызылды. Стационарда препараттар, қорғаныс құралдары мен дезинфекция құралдарының қажет қоры бар.

Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны — 35. Кейінгі екі жағдай Алматыда тіркелді.

Тақырыбы: Коронавирус жұқтырған азаматтардың жағдайы. Спикер — Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.Тема: о состоянии лиц, зараженных коронавирусом. Спикер — руководитель Управления общественного здоровья г. Алматы Тлеухан Абилдаев

Опубликовано Алматы қаласының әкімдігі Вторник, 17 марта 2020 г.