Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік комиссияның отырысында коронавирусқа қатысты күрделі жағдайды ескере отырып және вирусты Қазақстанның басқа қалаларына таратпау мақсатында екі қалада қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар енгізу туралы шешім қабылданды.
19 наурызда сағат 00.00-де енгізілетін шаралар мыналарды қамтиды:
— карантинді енгізу және ауқымды санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру;
— карантин аймағының периметрін белгілеу және оған кіру/одан шығу пункттерін анықтау;
— адамдардың қозғалысын және көлік құралдарының кіріп/шығуын шектеу;
— үш санат: ауруды жұқтырғандар, инфекцияға күдіктілер, карантиндегілер санаты бойынша арнайы емдеу мекемелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
— халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуіне оңтайлы болуы үшін, азаматтардың қозғалысын шектеу үшін қалалар аумағының секторларын және олардың шекараларын анықтау;
— қоғамдық көлік қозғалысын күндізгі уақытта тоқтата тұру немесе шектеу және түнгі уақытта тоқтату;
— азық-түліктік емес сауда базарларының жұмысын, азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сататын нысандарды қоспағанда, ірі сауда-ойын сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысын уақытша тоқтата тұру;
— санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды күшейте отырып, «клиенттерге дейін жеткізу» қағидаты бойынша қоғамдық тамақтану нысандарының жаңа жұмыс режимін белгілеу;
— ХҚКО-ның жұмыс режимін қайта ұйымдастыру;
— карантиндік аймақтардағы халықтың және әрбір сектордың азық-түлік өнімдеріне, дәрі-дәрмектерге, тіршілікті қамтамасыз ету заттары мен алғашқы қажеттілік тауарларына тәулік сайынғы қажеттілігін анықтау;
— карантиндік аймақтың әрбір секторы үшін қоғамдық көлік қозғалысын барынша шектеуді ескере отырып, сауда және азық-түлікпен әрі алғашқы қажеттілік тауарларымен қамтамасыз ету орталықтарын анықтау;
— ұйымдастырушылық сипаттағы басқа да шаралар.
Нұр-Сұлтан және Алматы аумағына адамдардың кіруін/шығуын шектеу мына санаттағы тұлғаларға қолданылмайды:
- бұған дейін қаладан шығып кеткен Нұр-Сұлтан және Алматы тұрғындары қалаға оралған жағдайда;
- бұған дейін қалаға кірген басқа өңірлердің тұрғындары қаладан шығатын болса;
- бұған дейін шетелдерге шығып кеткен ҚР азаматтары (олар Қазақстан Республикасына оралған жағдайда);
- бұған дейін елден шығу үшін ҚР аумағына кірген және елден шығып кету мақсатында әуе көлігімен шығатын шетелдіктерге;
- шетелдіктер (азаматтығы жоқ тұлғалар), Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға;
- бұған дейін шетел мемлекетінің аумағына шығып кеткен ҚР азаматтары Қазақстан Республикасына оралған жағдайда;
- емделу үшін шетелге шығатын ҚР азаматтарына, олардың денсаулық сақтау мекемелерінің растаушы құжаттары болған жағдайда;
- елдің және шетел мемлекеттерінің дипломатиялық қызметінің персоналы және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстанға ҚР Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша бағыт алған шетел мемлекеттерінің және халықаралық ұйымдардың делегация мүшелеріне;
- пойыз және локомотив бригадаларының мүшелеріне, сондай-ақ теміржол тасымалы процесіне қатысатын тұлғаларға, әуе, теңіз көліктерінің экипажына, халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын жүк автокөлігі құралдарының жүргізушілеріне;
- Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы мүшелері болып саналатын шетелдіктерге (туыстық байланыс фактісі — ері (зайыбы), олардың ата-аналары мен балалары екені расталған жағдайда);
- Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыс істейтін, қала маңы аумақтарында тұратын тұрғындарға;
- әуе және теміржол транзиті қатынасымен жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына;
- басқа да ерекше жағдайларда, мұндай жағдайлар COVID-19-бен күресу жөніндегі қалалық штабтарда дербес тәртіпте қаралады.
Тақырып / Тема: «Нұр-Сұлтан қаласындағы карантиннің режимі туралы» / «О режиме карантина в городе Нур-Султан»Спикерлер / Спикеры: Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай КӨЛГІНОВ /Аким г.Нур-Султан Алтай КУЛЬГИНОВ.Модератор: Маржан Бахтиярқызы. Назар аударыңыз! Берілген тақырып бойынша сұрақтарыңыз болса, осы жерде қалдыруыңызға болады. Өңірлік Коммуникациялар ҚызметіРегиональная служба коммуникаций — Атырауская областьМаңғыстау облысы "Қоғамдық коммуникация орталығы"Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметіРск Костанайской ОбластиӨңірлік Коммуникациялар ҚызметіРегиональная Служба Коммуникаций СКОКГУ "Региональная служба коммуникаций" Акмолинской областиРСК Карагандинская областьТүркістан Өңірлік Коммуникация ҚызметіРегиональная служба коммуникаций Павлодарской областиРСК ВКОРегиональная служба коммуникаций города АлматыЖамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Опубликовано Служба центральных коммуникаций Вторник, 17 марта 2020 г.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың карантинді енгізу бойынша қала тұрғындарына үндеуі——Обращение акима Алматы Бакытжана Сагинтаева к горожанам в связи с введением карантина
Опубликовано Бакытжан Сагинтаев Вторник, 17 марта 2020 г.