Басты бет Жаңалықтар Венгрияда Қазақстан азаматынан коронавирус анықталды

Венгрияда Қазақстан азаматынан коронавирус анықталды

Венгрияда күдікпен ауруханаға жатқызылған Қазақстан азаматының медициналық талдауының нәтижесі оның коронавирус жұқтырғанын растады.

Фото: Vedomosti.ru

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылғы 16 наурызда Қазақстанның Венгриядағы елшілігіне біздің бір азаматшамыз Будапештте коронавирус күдігімен жергілікті ауруханалардың біріне жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жүргізілген медициналық талдаулардың нәтижесі бойынша дәрігерлердің күдігі расталды, — деп хабарлады СІМ.

Қазір Қазақстан азаматының денсаулығы тұрақты, ол ауруханада. Жағдайды еліміздің дипломаттары ерекше бақылауға алды.

Еске салайық, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Германияда Қазақстанның бір азаматы коронавирус жұқтырғанын хабарлаған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version