Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 13-ке жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 13-ке жетті

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы үш дерегі тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: Repubblica.it

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы үш жаңа дерегі тіркелді. Қазіргі кезде елімізде коронавирустың тіркелу жағдайларының 13-і расталып отыр, оның ішінде Алматыда 11 жағдай, Нұр-Сұлтанда екі жағдай, — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Ведомствоның ресми өкілі Диас Ахметшәріп жаңа деректерді нақтылады.

Берлин — Минск — Алматы рейсі арқылы 13 наурызда ұшып келген 2018 жылғы кішкентай нәресте қыз бала Алматыдағы балалар инфекциялық аурулар ауруханасына жатқызылды. Екінші науқас — 1966 жылы туған азамат, Мәскеуден бізге 10 наурыз күні ұшып келді. Ол Алматыдағы көпсалалы медицина орталығына жатқызылды. Үшінші науқас — 1956 жылы туған азамат, ол да Мәскеуден 10 наурыз күні ұшып келді, — деді Диас Ахметшәріп.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирусты 10 адам жұқтырғаны хабарланған еді. Бәрі шетелден келген.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version