Басты бетЖаңалықтарҚызылорда облысында...

Қызылорда облысында 1819 жұмыс орны ашылады

Бөлінген қаражат есебінен 254 әлеуметтік нысан жүзеге асырылады. Оның 59-ы – білім беру ошағы, 20 – мәдениет, 10 – спорт, 45 – абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары мен 109 – транспорттық инфрақұрылымға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, 11 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жоспарланып отыр. 

Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы барысында 1819 жұмыс орны құрылады, оның ішінде 875 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады.  

Бүгінгі күні 152 жобаның жұмыстары басталып, 424 адам жұмысқа тұрды, оның ішінде 268 адам – «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасына қатысушылар.

2015 жылы бұл бағдарламаның бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теңге бөлініп, республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылған, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылған еді.

Ал, 2016 жылы республика бойынша барлығы 80,1 млрд. теңге бөлінді.