Басты бет Жаңалықтар Үкімет үйі ғимаратына журналистердің келуіне шектеу қойылды

Үкімет үйі ғимаратына журналистердің келуіне шектеу қойылды

Қазақстанда коронавирустан сақтану мақсатында жарияланған төтенше жағдай режимі кезінде Үкімет үйіне келушілер үшін шектеу енгізілді.

Үкімет ғимараты. Фото: Primeminister.kz

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» жарлығымен еліміздің аумағында COVID19 коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес және азаматтардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу шаралары күшейтіліп жатыр. Осыған байланысты 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында Үкімет үйі ғимаратында келушілер және кеңестерге қатысушылар, сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін шектеу енгізіледі, — делінген Үкіметтің ресми сайтындағы хабарламада.

Үкімет отырыстары Primeminister.kz сайтында және оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі. Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 74 59 72 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Дәл осындай шектеу министрліктер мен Парламент палаталарында да енгізілді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version