Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда тағы бір азамат коронавирус жұқтырған

Қазақстанда тағы бір азамат коронавирус жұқтырған

Қазақстанда тағы бір адамнан коронавирус инфекциясы табылды.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты.

Тағы бір науқас анықталды, үшінші жағдай деп айтуға болады. Зертхана анализі бойынша Италиядан келген азаматтың нәтижесі оң болып шықты. Ол 12 наурызда Миланнан Нұр-Сұлтанға келді, әуежайда бірден карантинге жатқызылды. Қабылданған алгоритм бойынша барлық қажет шаралар қолға алынды, — деді Елжан Біртанов.

Министрдің мәліметінше, COVID-19 әйел адамнан анықталған. Онымен бірге Нұр-Сұлтанға 90 жолаушы ұшып келген. Қазір пациент астанада емделіп жатыр.

Бұған дейін Елжан Біртанов Қазақстанның Германиядан келген екі азаматынан коронавирус табылғанын хабарлаған еді. Олар Алматыда стационарға жатқызылып, оқшауланды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version