Қызылордада заңсыз аңшылықпен күрес жүргізу мақсатында рейд жүргізілді

Нәтижесінде мамандар Land Cruiser 80 көлігін тоқтатып, көліктің жүк салғышынан төрт киік, екі асхана пышағы, 12 калибрлі мылтық пен тоғыз оқ тәркіледі. Тексеру кезінде көлік иесі мен ондағы азаматтар Байқоңыр мен Төретам кентінің тұрғындары болып шықты.

Ұсталған адамдардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қалғанына бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралып жатыр. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Онда өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген. Сонымен қатар пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу жағдайы көрсетілген, — деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.