12 наурыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың пандемия деп жариялануына байланысты мәлімдеме жасады. Президент Қазақстанда көпшілік жиналатын шараларды тоқтатуды тапсырды.
ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Бұқаралық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуге тиіс. Ең бастысы — азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент мемлекеттік орган басшыларымен кеңес өткізді. Кеңес барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялағаннан кейінгі әлемдегі ахуал жайында баяндады. Министр ДДСҰ-ның індетке қарсы күреске қатысты ұсыныстары мен Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қабылданып жатқан шаралар туралы да мәлімет берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және басқа мемлекеттік органдарға вирустың елімізге енуіне және таралуына жол бермеу шараларын қатаңдату жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Атап айтқанда:
- мәдениет және спорт көпшілік шаралары, конференциялар мен көрмелер өткізуге уақытша тыйым салынады;
- халық көп шоғырланатын жерлерде, сауда орталықтары мен базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында, вокзалдар мен әуежайларда қатаң санитария режимі енгізіледі;
- мектептердегі көктемгі демалыс 2020 жылдың 16 наурызынан басталады;
- жоғары оқу орындары қашықтан оқыту әдісіне көшіріледі;
- халықаралық әуе тасымалына қатысты да қосымша шектеу шаралары қабылданады.
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде осы мәселеге байланысты арнайы ұйымдастырылған брифингіде Үкімет қабылдаған шаралардың уақытын нақтылап айтты.
- бұқаралық шараларға 13 наурыздан бастап тыйым салынады;
- мектеп оқушыларының каникулы 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында болады;
- колледждер мен ЖОО студенттері 16 наурыздан бастап онлайн білім алады;
- қоғамдық көлік күн сайын дезинфекцияланады;
- балабақшалар жұмыс істей береді;
- коронавирус тараған елдерге шығуға тыйым салынады;
- базарлар мен сауда орындары жұмысына шектеу қойылмайды;
- сауда — ойын-сауық орталықтарындағы кинотеатрлар жұмысына тыйым салынады.
Тақырып / Тема: «12 наурыздағы коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай туралы» / «О текущей ситуации по коронавирусной инфекции на 12 марта»Спикерлер / Спикеры: Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары,Елжан Біртанов — ҚР денсаулық сақтау министрі ,Аймағамбетов Асхат Қанатұлы — ҚР Білім және ғылым министрі,Қамалиев Берік Сайлауұлы — ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі,Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызы — ҚР Мәдениет және спорт министрі./ Тугжанов Ералы Лукпанович Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстана, Елжан Биртанов Министр здравоохранения РК ,Аймағамбетов Асхат Қанатұлы Министр образования и науки РК,Қамалиев Берік Сайлауұлы Вице-министр индустрии и инфраструктурного развития РК,Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызы Министр культуры и спорта РК.Модератор: Маржан Бахтиярқызы. Назар аударыңыз! Берілген тақырып бойынша сұрақтарыңыз болса, осы жерде қалдыруыңызға болады. Өңірлік Коммуникациялар ҚызметіРегиональная служба коммуникаций — Атырауская областьМаңғыстау облысы "Қоғамдық коммуникация орталығы"Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметіРск Костанайской ОбластиӨңірлік Коммуникациялар ҚызметіРегиональная Служба Коммуникаций СКОКГУ "Региональная служба коммуникаций" Акмолинской областиРСК Карагандинская областьТүркістан Өңірлік Коммуникация ҚызметіРегиональная служба коммуникаций Павлодарской областиРСК ВКОРегиональная служба коммуникаций города АлматыЖамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Опубликовано Служба центральных коммуникаций Среда, 11 марта 2020 г.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда коронавирус инфекциясының таралуын пандемия деп таныды. Бұл туралы ұйымның бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус Женевада брифинг барысында мәлімдеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мұның алдында 2009 жылы тұмау вирусының H1N1 серотипінің («шошқа тұмауы») таралуын пандемия деп жариялаған еді.