Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алдағы күндері жауын-шашын түскенімен температура жоғарылайды

Фото: Rg.ru

«Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары 12-14 наурыз күндерінің ауа райын осылай болжап отыр.

Орталығы Скандинавияда орналасқан жылы циклон 13 наурызда еліміздің батыс өңірлерінің, кейінгі күндері шығыс бағытқа жылжи отырып, қалған аумақтың ауа райына да әсер етеді.

Соған байланысты жауын-шашын мен тұман түсіп, ауа температурасы біртіндеп көтеріледі, сонымен бірге екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, 14 наурызда республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version