2020 жылдың алғашқы айында Қазақстанда ауру жағдайына арналған жеке ерікті сақтандыру бойынша жиналған сыйақы көлемі 7,6 миллиард теңге болды. Көрсеткіш бір жылда 15,4% өсіп отыр.

Сақтандырудың бұл түрі бойынша төлем көлемі бір жылда 14,1% азайған — 1,8 миллиард теңге.

сақтандыру

Сақтандыру компаниялары арасында азаматтардың ауру жағдайына арналған сақтандыруы бойынша сыйақы көлемі жөнінен «ИНТЕРТИЧ» компаниясы көш бастайды, оның сыйақы көлемі — 2,6 миллиард теңге, бұл былтырға қарағанда 20,8% көп. Одан кейінгі орында — «Халық» сақтандыру компаниясы: 1,3 миллиард теңге, былтырғыдан 36,6% көп.

Сақтандыру төлемі бойынша осы екеуі алғашқы орында.

сақтандыру

COVID-19 коронавирус инфекциясы дүниежүзіне 2019 жылдың желтоқсанынан бастап тарады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда оны пандемия деп таныды.

2019 жылдың 12 айында Қазақстанда тынысалу жолдарының жұқпалы ауруларынан 4,2 мыңға жуық адам қайтыс болған. Бұл 2018 жылға қарағанда 12,8% көп. Тұмау, өкпенің қабынуы сияқты тынысалу жолдарының жұқпалы ауруларынан болатын өлім-жітімнің үлесі — барлық өлім-жітім көрсеткішінің 3,1%-і.

сақтандыру

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!