Бұл туралы ұйымның бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус Женевада брифинг барысында мәлімдеді. Брифинг Twitter-де тікелей трансляцияланды.

Тедрос Аданом Гебреисустің айтуынша, дүниежүзіне жаңа коронавирустың таралуы пандемия сипатына ие болды.

Таяу күндері, таяу апталарда ауру жұқтыру жағдайлары, өлім-жітім мен ауру таралған елдер қатары көбейеді деп топшылап отырмыз… Біз COVID-19 инфекциясының таралуын пандемия деп сипаттауға болады деген тұжырымға келдік, — деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы.

Пандемия — бір елдің тұтас аумағын, іргелес мемлекеттерді, кейде тіпті дүниежүзінің көп елін қамтитын айрықша күшті эпидемия. Ол — белгілі бір індеттің тұтас бір халыққа жаппай жұғуы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мұның алдында 2009 жылы тұмау вирусының H1N1 серотипінің («шошқа тұмауы») таралуын пандемия деп жариялаған еді.

11 наурыздағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясын дүниежүзіндегі 114 мемлекеттің 118 мың адамы (кей дерек бойынша 118 мемлекеттің 121,5 мың адамы) жұқтырды. 4 300-ден астам адам қайтыс болды. Індет 2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласынан басталды.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!