Бұл жолғы мәртебелі марапатқа «Айналайын» балалар үйінің директоры Жадыра Сейсембаева, білікті тәрбиеші Майра Бейісбекова және үнемі қайырымдылық шараларына атсалысып жүрген іскер ана Айман Тәліпова ие болды. Марапатты беру шешіміне Халық қаһарманы, генерал-лейтенант, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаевтың қолы қойылған.
Қала әкімдігінде өткен марапаттау салтанатына Алматы облысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл Ғалиасқар Сарыбаев, қалалық мәслихаттың хатшысы Темірболат Ахажанов, қала әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова, ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділет Рымтайұлы және аймақтағы Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағалары қатысты.
Өмірде ана есімі әрқашан ардақты. Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Алтын жүрек» медалімен марапатталған ұстаздардың бала тәрбиелеуде және білім беру жолында сіңірген еңбегі зор. Сондықтан ел ертеңі үшін тер төгіп, өскелең ұрпаққа сапалы білім беруге барын арнап жүрген әрбір ұстаз осындай марапатқа лайық. Осы орайда, мен жалпы жұртқа зор денсаулық, елімізге, жерімізге тыныштық, халқымызға береке-бірілік тілеймін! — деді Алматы облысы жергілікті соғыс және Ауғанстан ардагерлер Одағының төрағасы Бауыржан Барлыбаев.