Басты бетЖаңалықтарГидрометеорология қызметіне...

Гидрометеорология қызметіне алғаш рет әйел адам басшы болды

Данара Әлімбаева 1977 жылы 8 тамызда дүниеге келген. Метеорология, қаржы, қолданбалы экология мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын 2022 жылы «Қазгидромет» кәсіпорнында техник-метеоролог болып бастаған. 2003-2015 жылдары осы кәсіпорында инженер-метеоролог, жетекші инженер-метеоролог, метеорология басқармасының басшысы, метеорология департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2015-2017 жылдары «Қазгидрометтің» экология мониторингі департаментінің директоры, 2017 жылдың 18 қыркүйегінен бері «Қазгидромет» РМК бас директорының орынбасары болып қызмет етті.

«Қазгидромет» кәсіпорны өкілдерінің хабарлауынша, қазақ гидрометеорология қызметіне 98 жылда алғаш рет әйел адам басшылыққа келді.

Қазақстан Республикасының 1922 жылы құрылған гидрометеорология қызметінің тарихында бірінші рет әйел адам басшы болып отыр. Бүкіләлемдік метеорология ұйымы құрамына кіретін 192 елдің арасында Данара Әлімбаева — осындай ұйымды басқарып отырған екінші әйел, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының баспасөз қызметі.

Данара Әлімбаеваға дейін «Қазгидромет» кәсіпорнын Марат Қынатов басқарды.