Басты бет Жаңалықтар 11 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

11 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Қазақстанның көп бөлігі әлі де антициклон жотасының ықпалында, сол себепті наурыздың 11-і де жауын-шашынсыз болады.

Фото: Politeka.net

«Қазгидромет» мамандарының болжамы бойынша қар мен жаңбыр солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыстың кей жерінде ғана жауады, жел күшейеді, жаяу бұрқасын соғады, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, тұман түседі, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл тұрады, жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді. Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерде тұман түседі, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, көктайғақ болады. Қарағанды, Қостанай облыстарында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Ақмола облысының кей жерінде, Нұр-Сұлтанда тұман түседі, көктайғақ болады. Павлодар, Атырау облыстарының кей жерінде тұман түседі.

https://www.youtube.com/watch?v=tJrSR1XZeAo

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version