Ақан Сатаев «Районы» фильмінің тұсауын кесті

«Районы» фильмі Алматыдағы 1980-інші жылдардың аяқ кезеңін қамтиды. Картина жаңа мектепке ауысып келіп, жаңа достар тапқан, жаңа жүйеге еніп, түрлі қиындықтармен бетпе-бет кездескен Арсен есімді жігіт туралы. Онда Шәріп Серік, Санұржан Сүлейменов, Әсел Сағатова, Гүлнәр Досматова, Жандос Айбасов секілді белгілі актерлармен қатар, бірнеше дебютанттар бар. Солардың бірі — Ақан Сатаевтың қызы Мәриям.

«Біз картинаның тақырыбын ұзақ іздедік. Екі айдан кейін жастар драмасын түсіретінімізді шештік. Көптеген талантты жас әріптестерімізді жұмылдырғымыз келді, бірақ оны іске асыра алмадық. Дегенмен, олармен келешекте жұмыс істейтін боламыз деген ойдамын. Өйткені келесі жылға көптеген фильмдер жоспарлануда. «Ана» фильмі өндіріс үстінде, дайындық кезеңінде бір комедия тұр»,- деді Ақан Сатаев.

Айта кетейік, Сатаевтың жаңа туындысы 3 қараша күні көпшілікке жол тартады.

ДереккөзҚазАқпарат