Басты бет Жаңалықтар 8 наурыз күні елімізде ауа райы қандай болады?

8 наурыз күні елімізде ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" мамандары 7-10 наурыз күндерінің ауа райына болжам жасады.

Фото: Bryansku.ru

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы тәуліктерде еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында Арктика фронтының әсерінен қар жауады. Ал республиканың солтүстік және батыс облыстарына жылжыған суық және кең антициклон қалған аумақтарға тез тарайды.

Сондықтан 8 наурыз мерекесі күні Қазақстанда салқын, бірақ ала бұлтты және жауын-шашынсыз болады. Дүйсенбі күні батыс облыстарға Қара теңізден жылы ауа массасы келіп, Қазақстанның қалған аумағындағы суықты тез ығыстырады, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version