Google ақпарына сәйкес, 2015 жылы қазақстандықтарды әсіресе, елдегі экономика көп толғандырған, және сәйкесінше «теңгенің долларға қатысты бағамы» сұранысы көп қаралған. Топ-10 ең танымал сұраныстар арасынан қазақстандық пайдаланушылардың өтіп бара жатқан жылдағы қызығушылықатрының әр түрлі болғанын көрсетеді. Жыл сұраныстарның арасынан көш бастап тұрғандары «50 оттенков серого», «Форсаж 7», «ok google», «Битва экстрасенсов» және «Новости Алматы».
«Жыл кейіпкері» («Персоной года») атағына қазақстандықтардың мақтанышы, А’Студио тобының бірінші солисті, кенеттін өмірден озған Батырхан Шүкенов иеленген. 2015 жылы ондықта сонымен қатар Геннадий Головкин, Рахат Әлиев, Тимати және «дела Алиби» қатысушылары да кірген.
Жазушы Э.Л.Джеймстің «50 оттенков серого» эротикалық роман-бестселлерінің экранға шығуы «Жыл фильмі» атағына ие болды. Сондай-ақ топ-10 қатарына екі қазақстандық фильм енді — аңызға айналған «Рэкетирдің» жалғасы мен «Келинка Сабина» комедиясы. Топтамалар арасында «Игра престолов», «Кухня» және «Реальные пацаны» көш бастап тұр.
«Жыл сатылымы» санатында «көліктер» көш бастап тұр. Қазақстандықтарды сонымен қатар әуе және темір жол билеттерін, питбуль тұқымының итін, Астанадан бір бөлмелі пәтер, тіпті өздігінен жазатын қалам мен кестелер сатып алу да қызықтырған.