Басты бетЖаңалықтарЖаңа форматтағы...

Жаңа форматтағы праймериз: Nur Otan өз ішінде іріктеу жүргізеді

Партия төрағасы саяси ұйымның қайта жүктеу бағдарламасы мен «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» әлеуметтік жобаларының іске асырылуына оң баға берді, бірақ партия өкілдеріне шалғай өңірлерге баруды ескертті.

Партия басшылығына, Мәжіліс пен мәслихат депутаттарына жергілікті жерлерге, әсіресе шалғай аудандарға бару керек. Адамдармен кездесіп, олардың проблемасына үңіліп, шешу керек. Бұл мәселелердің бәрі партияның өңірлік бағдарламаларында көрініс табуға тиіс, — деді партия төрағасы.

Бюро отырысында партия ішінде іріктеу жүргізу туралы шешім қабылданды. Жаңа форматтағы праймериз 30 наурыз бен 16 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірінде өтеді.

Бұл дұрыс шара деп есептеймін, ол мәселелерді партия атынан шеше алатын ең белсенді де сенімді мүшелерді анықтауға мүмкіндік береді, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Отырыс қорытындысы бойынша праймериз өткізу ережесі жобасын алдын ала мақұлдайтын бюро қаулысы қабылданды. Ереже 18 наурыз күнгі кеңейтілген отырыста бекітілуге тиіс.

Партия ішіндегі іріктеу қорытындысы бойынша Nur Otan атынан Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихатқа депутат болуға үміткерлердің алдын ала партиялық тізімі жасалады.

Бюро отырысында партияның 2025 жылға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асырудың жол картасы да бекітілді.