Басты бет Жаңалықтар «Құнанбай» фильмі Халықаралық кинофестивальде жүлде алды

«Құнанбай» фильмі Халықаралық кинофестивальде жүлде алды

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ жарыққа шығарған "Құнанбай" фильмі Уфа қаласында қазанның 26-ы мен 28-і аралығында өткен "Күміс Ақбозат" атты ІІІ Халықаралық ұлттық және этникалық кинофестивалінде Әмір Әбдіразақов атындағы "Ұлттық рух" жүлдесімен марапатталды.

— Шығармашылық топтың фильмді түсірердегі мақсаты: халқымыздың құндылықтарын дәріптеу арқылы, жастардың бойында ұлттық рухты ояту болды. Енді міне, бүгінде еңбегімізді бағаланып жатыр. Картинаны түсіруге атсалысқан түсіру тобын осы жеңіспен құттықтаймын, — деді фильмнің режиссері Досхан Жолжақсынов

«Құнанбай» тарихи көркем фильмінің Халықаралық «Күміс Ақбозат» кинофестивальіне қатысатыны туралы жазған едік. Аталған фестиваль әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын насихаттауға, ұлттық және этникалық бағыттағы фильмдерді түсіруші кинематографистер шығармашылығын дәріптеуге, Ресей аймақтары және шетелдермен мәдени қатынасты дамыту үшін арнайы жасалған.

Кинофестиваль Уфа қалалық округі әкімдігінің қолдауымен Башқұртстан үкіметі мен Башқұртстан Республикасының мәдениет министрлігі, «Башқұртстан» киностудиясының  ұйымдастыруымен өтеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version