Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, трансұлттық қылмыстық топты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің А» арнайы мақсаттағы қызметі мен облыстық полиция департаментінің «Арлан» арнайы бөлімшесінің күш-құралы арнайы операция барысында ұстаған.
Арнайы қызмет қару контрабандасын ұйымдастырушылардан барлығы 11 «Макаров» тапаншасы мен оның 1300-ден астам патронын тәркіледі.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Кінәсі дәлелденсе, ұсталғандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.