2020 жылғы 4 наурызда Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктерінен «БТА Банкінің» бұрынғы басқарушы директоры Рустам Ибрагимовты Қазақстанға экстрадициялады. Ибрагимов «БТА Банкінің» 250 миллион доллар қаражатын Мұхтар Әблязовтың ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерімен бірлесіп жасаған ұрлығы үшін іздеуде болған, — делінген хабарламада.
Бас прокуратураның мәліметінше, ол қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында БАӘ-де Қырғызстан азаматының жалған төлқұжатын пайдаланып жасырынған.
Алайда Қазақстанның құқық қорғау органдарының араб және қырғыз әріптестерімен бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде, сонымен бірге Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің көмегімен аталған төлқұжат заңсыз деп танылды, қылмыс фигуранты ұсталып, Қазақстан Республикасына экстрадицияланды, — деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Рустам Ибрагимов Алматыдағы тергеу изоляторына қамалды.