Басты бет Жаңалықтар 3 наурызда еліміздегі ауа райына антициклон әсер етеді

3 наурызда еліміздегі ауа райына антициклон әсер етеді

"Қазгидромет" мамандарының болжамы бойынша Қазақстанның көп бөлігі антициклон ықпалында болады, сол себепті 3 наурызда күн жауын-шашынсыз болады, еліміздің солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде циклон жырасының ықпалынан жауын-шашын түседі.

Фото: Parkfoto.ru

Республиканың кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп, орталық пен шығыс өңірлерде жаяу бұрқасын соғады.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерде тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қызылорда облысының кей жерінде тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түседі. Алматы облысында Жалаңашкөл көлі  ауданында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

https://www.youtube.com/watch?v=kfdNBaz0kj4

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version